
Жыл бойы судағы адамдардың қауіпсіздігі ТЖ департаменті үшін де, жергілікті атқарушы органдар үшін де маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Осыған байланысты, облыста шомылу, балық аулау, жағалауда демалу және шағын көлемді кемелерде жүзу кезінде облыстың су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу бойынша бірлескен іс-шаралар кешені жүргізілуде.
Суға шомылуға арналған 81 арнайы орын құрылды, оның ішінде: 64 жеке және 17 коммуналдық жағажай екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, облыста демалу және балық аулау үшін пайдаланылатын 561 су қоймасы бар.
Қазіргі уақытта облыста 25 стационарлық бассейн жұмыс істейді. Қосымша 10 рамалық-модульдік бассейн орнатылды, бір мезгілде су айдындарының жағасында 17 балалар жағажайы жұмыс істейді. Жыл басынан бері жүзу дағдыларына 1850 бала оқытылды. Бүгінгі күні 105 су айдыны зерттелді, оның қорытындысы бойынша 88 оң қорытынды берілді, 17-сі жарамсыз, сондай-ақ 69 қоғамдық құтқарушы оқытылды.
Суда қаза болудың алдын алу жұмыстарын жандандыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен («Эко парк», «Жас Отан», «Красный крест»), азаматтық қорғау колледжімен, «Феникс» жастар қанатымен және «Жаңа Толқын» жастар қанатымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды. Сонымен қатар, департамент QR-кодтарды қолдана отырып, жадынамалардың жаңа түрін әзірледі, оларды сканерлеген кезде ұялы телефонда судағы қауіпсіздік бойынша қысқа профилактикалық роликтерді көруге мүмкіндік береді.
Ақмола облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:
егер сіз балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеңіз;
тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;
қараңғы уақытта суға түспеңіз және шомылмаңыз;
алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде суға түспеңіз.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі