
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ТЖ департаментінің бастығы Нұрлан Атығаевтың пен Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Болат Токишевтың қатысуымен «Ақмола облысының аумағында өрт қауіпті кезеңнің өтуі туралы» тақырыбында брифинг өтті.
Брифинг барысында 2023 жылдың ағымдағы кезеңінде облыс аумағында 33 табиғи өрт оқиғасы тіркелгені белгілі болды, оның ішінде 32 орман, бір дала өрті. 20 жағдайда орман өрттерінің негізгі себептері адам факторы, бес жағдайда найзағай разряды және алты жағдайдағы себеп анықталуда.
Статистика көрсеткендей, өрттер көбінесе адамның немқұрайлылығына байланысты болады, яғни қараусыз қалған оттар, тасталған темекі тұқылдары, сіріңкелер, сондай-ақ шыны қалдықтары.
Бүгінгі күні Департамент табиғи өрттерге жедел ден қою мақсатында құрамында 105 адам және 10 бірлік техника бар жиынтық жасақ дайындады, олар тәуліктің кез-келген уақытында табиғи өрттерді жоюға шығуды жүзеге асыруға дайын. Департамент өрт қауіпті маусымға барлығы 230 бірлік техника дайындады, оның ішінде 120 негізгі, 32 арнайы және 78 қосалқы бірлік, оның ішінде 76-сы жоғары өтімді шассиде, үш өрт-сорғы станциясында, 231 рюкзакты өрт сөндіргіште, 82 мотопомпада және 1130 шапшаңда, бұдан басқа, жою жоспарына сәйкес ірі табиғи өрттер туындаған жағдайда азаматтық қорғау қызметінің күштері мен құралдары жалпы саны 196 бірлік техника, алты пойыз, 915 адам дайын.
«Облыс азаматтары мен қонақтарына орман қорында өрт қауіптілігінің жоғары класы сақталатынын еске салғым келеді, осыған байланысты ормандарға бару және оларға көлікпен кіру мүмкіндігі шектеулі. Естеріңізде болсын! Орман өрттерінің салдары экономикалық тұрғыдан зиян келтіріп қана қоймай, сонымен қатар экологияға ауыр зардаптар әкеледі. Адамның кінәсінен табиғи өрттер туындаған жағдайда қолданыстағы заңнамада әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген», – деп Нұрлан Атығаев түйіндеді.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі