Судағы алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде

Судағы алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде

Тараз қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері жүргізген алдын алу шараларына қарамастан, Тараз қаласыың тұрғындары мен қонақтары судағы қауіпсіздік ережелерін елемеуді жалғастыруда. Судағы қауіпсіздіктің алдын алу жөніндегі бұл іс-шаралар полиция қызметкерлерімен және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторларымен жүзуге тыйым салынған орындар («Талас» өзені, «Камукат» және «Шөлдала» алқабтары, «Автобекет» маңындағы су-жағалау каналы, «Қант зауыты» аумағы, «Тектурмас» аумағы) бойынша күнделікті рейдтер түрінде өтеді. Балаларын қараусыз қалдырған ата-аналарға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Адам өлімінің негізгі себебі – балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылу, мас күйінде шомылу болып табылады. Рейдтік іс-шаралар барысында ТЖ басқармасының қызметкерлері демалушыларға шомылуға тыйым салынған орындар туралы, ересектердің өз баласының өмірі үшін жауапкершілігі туралы және спирттік ішімдіктерді ішуге тыйым салу туралы ақпараттар беріледі.

Жазғы кезеңде суда қаза болудың алдын алуға бағытталған іс-шаралар шомылу маусымының соңына дейін жалғасады.

 

                                                          Тараз қ. ТЖБ