13 маусымда 112 пультіне Павлодар қаласы, Геринг көшесі, 13 бойында 5-кіреберісте түтін шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына 11 адам мен 4 техника аттанды.
Келген кезде 1-қабаттың кіре берісінде 6 шаршы метр аумақта қабырғалардың, кіреберіс есіктің ағаш құрылымдары өртенгені анықталды. Өрт сөндірушілер баспалдақпен 10 адамды эвакуациялап, 4 баланы, 1 ересек адамды қолдарына көтеріп алып шығып, құтқарды. Жедел құтқару жасағы қызметкерлері үш аяқты баспалдақ арқылы 2-қабаттан 4 адамды, оның ішінде 2 баланы, 3-ші қабаттан бір адамды құтқарды.
Өрт салдарынан 5 велосипед, 2 арба жартылай зақымданды, 2-қабатта интернет торабының таратқыш қорабы, 1-қабатта электр сымдарының оқшаулағышы балқып кетті.
Өрт 01-01-де оқшауланып, 01-04-те жойылды.
Өрттің себебі мен одан келген зақымдар анықталуда.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі