
Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында ТЖ департаментінің бастамасымен қалалар мен аудандар, азаматтық қорғау қызметтері, көліктік бақылау инспекциясы және басқа да мүдделі ұйымдар басшыларының қатысуымен судағы демалыс аймақтарының (жағажайлардың) иелерімен семинар-кеңес өткізілді. Кеңес Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Мұрат Қатпановтың төрағалығымен өтті.
Кеңес барысында Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Сыздықов, Қарағанды қаласының "Hummerhead" Дайвинг-орталығының директоры Олег Тимков сөз сөйледі.
Суға түсу маусымына дайындық мәселелері талқыланды, су қоймаларындағы демалыс орындарын жабдықтау талаптары, сондай-ақ су қоймаларындағы қауіпсіздік ережелерінің белгіленген талаптарын бұзғаны үшін жағажайлардың (демалыс аймақтарының) иелері мен жалға алушылардың жауапкершілігі түсіндірілді. Сонымен қатар, бақылаудағы су айдындарында суға бату жағдайларының алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Жалпы, жиын нәтижелі өтті.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі