
2023 жылғы 12 маусымда Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы құтқару станциясының базасында сүңгуірлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын ұйымдастырды. Іс-шара 12-21 маусым аралығында өткізіледі.
Курс 12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялануына байланысты бір минут үнсіздіктен басталды.
Шымкент, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Абай, Ұлытау облыстары жедел-құтқару жасақтарының, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушы-сүңгуірлері және 28237, 68303 әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері білім алуда, барлығы 12 қызметкер.
Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының қосымша білім беру факультеті оқу бағдарламаларын, сүңгуір құтқарушыларды оқытуды өткізу жоспарларын, сондай-ақ сабақ кестесін дайындады.
Оқытушылар ретінде бұрын тренингтерге қатысқан және «сүңгуірлерді даярлау нұсқаушысы» мамандығы бар Қызылорда, Жетісу және Ұлытау облыстары ТЖД жедел-құтқару жасақтарының тәжірибелі құтқарушы-сүңгуірлері тартылды.
Тренинг қорытындысы бойынша ТЖМ сүңгуірлерінің біліктілікті арттыру, сертификаттар тапсыру жоспарлануда .
ТЖ жою департаменті