
Ыстық күндердің басталуымен адамдар судың жанында мүмкіндігінше көп уақыт өткізуге тырысады. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елордалық құтқарушылар су айдындарының жағалау сызығының бойында рұқсатсыз шомылу орындарын үнемі тексеріп отырады. Су жағасында қауіпсіз демалу бойынша профилактикалық рейдтер жүргізеді.
Рейдтің мақсаты – су объектілеріндегі адамдардың қауіпсіздік ережелері туралы ақпаратты халыққа: ересектерсіз жағажайларда демалатын ата-аналар мен балалардың назарына жеткізу. Бұл үшін құтқарушылар кезекшілік ететін рұқсат етілген жерлерде ғана демалу керек.
ТЖД қызметкерлері рейдтер өткізу үшін құтқару кеудешелерімен және шеңберлермен, «Александровтың ұшымен», суға батқандарға уақтылы көмек көрсету үшін жабдықталған, сондай-ақ тиісті нұсқаулықтан өткен.
Елордалық ТЖД демалушыларға өмір - құнды екенін және оны қорғау керектігін еске салады. Сіз «мүмкін» деп үміттене алмайсыз және қатер кез-келген адамға төнседе, маған емес деп ойлай алмайсыз! Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, өзіңізді қорғаңыз!
Астана қ. ТЖД баспасөз қызметі