ШҚО құтқарушылары ат патрулін жұмылдырды

ШҚО құтқарушылары ат патрулін жұмылдырды

Құтқарушылар полицейлер мен орманшылармен бірлесіп облыстың су айдындарын патрульдеу және өңірдегі өрт қауіпсіздігін бақылау үшін атқа мінді. Мұндай қажеттілік саяжай учаскелерінің, орманды дала аймағының аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушыларды жедел қадағалау және жазатайым оқиғалар жиі тіркелетін жетуі қиын жердегі су айдындарындағы оқиғалардан адамдарды қорғау үшін қолданылады. Профилактикалық рейдтердің арқасында мобильді топтар өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушылардың 35-ін әкімшілік жауапкершілікке тартты, тыйым салынған жерлерде шомылушылар да жауапкершілікке тартылуда.

«Ат патрулін профилактикалық рейдтерге бірнеше жыл қатарынан тартып отырмыз. Адамдар жиі жалғыз демалуға асығатын ұзақ қашықтықтар мен таулы-тоғайлы жерлерді дәл осылай қамтуға мүмкіндік береді. Біз адамдармен сөйлесеміз, өрт қауіпті кезеңде от жағуға және құтқарушылар мен дәрігерлер жоқ жабдықталмаған жерлерде шомылуға тыйым салынғанын түсіндіреміз. Сонымен қатар, полицияның қатысуымен су айдындарында алкоголь ішпеуді қадағалаймыз», - деп ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Арман Тоқанов түсіндірді.

Бірлескен патрульдеу тек жағалауда ғана емес. Қызметкерлер құқықтық тәртіпті қайықтармен де бақылайды. Ол жерден кеңірек көрініс ашылады, өйткені жаздың ыстық күндерінде адамдар су қоймаларына жаппай келеді. Қазіргі уақытта облыста 22 шомылу орны және 111-не тыйым салынған орын анықталған.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі