Тараз қаласының басқару органдарының, Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі аумақтық ішкі жүйесінің күштері мен құралдарының жойқын жер сілкінісі кесірінен туындаған және туындауы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарына дайындығын жетілдіру мақсатында, 2023 жылдың 23 мамырында «Тараз қаласы аумағындағы жойқын жер сілкінісі кезіндегі, басқару органдарының, авариялық құтқару қызметтері күштерінің іс-қимылдары» тақырыбы бойынша жалпықалалық сейсмикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Бірінші кезеңде Тараз қаласы аумағындағы барлық білім беру, денсаулық сақтау және кәсіпкерлік объектілерінің ықтимал жер сілкінісі қаупі туындаған кездегі іс-шараларға іс-әрекеттері пысықталды.
Екінші кезеңде Тараз қаласы аумағындағы жойқын жер сілкінісі кезіндегі, басқару органдарының, авариялық құтқару қызметтері күштерінің іс-қимылдары сұрағы бойынша практикалық іс-шара өткізілуі пысықталды.
Оқу-жаттығу барысында практикалық іс-шараларды өткізу үшін келесі іс-әрекеттер орындалды:
- ғимараттардағы өрт қауіпсіздігі туындаған кездегі авариялық құтқару жұмыстарын жүргізу;
- түрлі жарақат алу, электр тоғының соғуы кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсету;
- «Баршаның назарына!» дабыл сигналы бойынша қала аумағындағы барлық ұйымдармен мен кәсіпорындарда сейсмикалық жаттығуды ұйымдастыру.
Тараз қ.ТЖБ