
Алматы қаласы ТЖД қызметкерлері №148 мектеп-гимназиясының жүзу бассейні базасында мектеп жанындағы лагерьге келген балалармен «Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында нұсқаулық сабағын өткізді.
Сабақ барысында балаларға келесі қауіпсіздік ережелері жеткізілді.
- суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз;
- қолайсыз ауа-райында және қараңғыда шомылуға болмайды;
- жүзе алмасаңыз, белден жоғары суға түспеңіз;
- көпірлерден, пирстерден, қайықтардан және катамарандардан секірмеңіз;
- субұрқақтарға шомылуға болмайды.
Сондай-ақ, балаларға суға түсуге рұқсат етілмеген жерлен туралы ақпарат жеткізіліп, «Судағы қауіпсіздік ережелері» тақырыбында жадынамалар табысталды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі