Шомылу кезеңіне дайындық туралы

Шомылу кезеңіне дайындық туралы

Павлодар облысының аумағында шомылу кезеңі 10 маусымда басталады. Суға шомылу кезеңіне дайындық мақсатында облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырыстарында шомылу кезеңінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Жергілікті атқарушы және басқа да мүдделі органдарға шомылу маусымында су айдындарында адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырмалар берілді. Қоғамдық орындарда судағы өзін-өзі ұстау ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Биылғы жылдың суға шомылу кезеңінде 13 елді мекенде суға түсуге арналған жабдықталған 42 жағажай жұмыс істейтін болады.

Суға түсуге тыйым салынған орындарда 163 тыйым салу белгісі мен 14 ескерту тақтасы орнатылды, сонымен қатар қосымша 22 баннер орнату жоспарлануда.

Күн сайын департамент қызметкерлері полиция департаментінің өкілдерімен, АҚО құтқарушыларымен және еріктілермен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізді. Жалпы 142-ден астам рейдтік іс-шара өткізіліп, оның барысында «Судағы қауіпсіздік» тақырыбында 1003-тен астам парақшалар таратылды.

Департаменттің Жедел-құтқару жасағы су айдындарындағы оқыс оқиғаларға жедел ден қою үшін 27 жүзу құралы мен 14 сүңгуір құрал-жабдықтарын дайындыққа келтірді.

Жедел әрекет ету және судағы адамдардың қаза болуының алдын алу мақсатында департаменттің авариялық-құтқару бөлімшелерінің қосымша 4 жылжымалы  кезекшілік бекет, жергілікті атқарушы органдардан 3 бекет, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті қорғауды қамтамасыз ету және суда зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, коммуналдық жағажайларда 14 медициналық пункт құрылды.

Түбін сүңгуірлік тексерудің тиісті актілерін толтыра отырып, су қоймалары учаскелерінің түбін тексеру және тазалау жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі