2023 жылғы шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы

2023 жылғы шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы

Ақтөбе облысындағы Барбекю жағажайында суға шомылу маусымының ресми түрде ашылуы бойынша іс-шара өткізілді.

Аталған шараға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Ақтөбе қаласының Полиция басқармасы жеке құрамы, жағажай қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.

Ақтөбе қаласының ТЖ басқармасы мен Ақтөбе қаласы полиция басқармасының бірлескен бекіту-жоспарына сәйкес су айдындарының жағаларында күнделікті негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізілетін болады. Онда демалушыларға су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу, жадынамалар тарату және заң бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қолданатын болады.

Биыл облыс бойынша 67 жағажай, 47 коммуналдық жағажай және 2 аквапарк жұмыс жасайды.

Өкінішке орай суға шомылу маусымы басынан қаламыздың су айдындарында 3 жағдай тіркеліп, онда 4 бала мен 2 ересек адам қаза болды.

Суда қаза табудың негізгі себептеріне келетін болсақ, олар:

- белгіленбеген жерлерде суға шомылу;

- спирттік ішімдіктер ішіп суға шомылу;

- жүзе алмау және балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.

Ақтөбе қаласының ТЖБ қала тұрғындары мен қонақтарын тек ресми белгіленген жерлерде суға шомылу қажет екенін ескертеді.  

 

 

                                                           Ақтөбе қаласының ТЖБ