
2023 жылғы 7 маусымда Көкшетау қаласында ерлер мен әйелдер арасында өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының Кубогына VI турнирдің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараны Ақмола облысы ТЖД бас төреші, полковник Нұрлан Атығаев және бас төрешінің орынбасары, «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» қоғамдық бірлестігі атқару комитетінің директоры Дәурен Данаев ашты.
Жарыс оқу мұнарасының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, кедергілері бар 100 метрлік жолақты еңсеру, жауынгерлік қанат жаю сынды кезеңдерден тұрады.
Командалар бірнеше күн бойы үздік орындар үшін сайысатын болады.
Өрт сөндіру-құтқару спорты – жеке және топтық есепте өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын түрлі тәсілдердің кешендерін орындаудан тұратын қызметтік-қолданбалы спорт түрі.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі