
Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында бас спикер болып ТЖ департаментінің бастығы Мадияр Жақсибаев сөз сөйледі.
Аймақтың континенталды климатын ескере отырып, Шымкент қаласы ТЖ департаменті өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру мақсатында, орман шаруашылықтарының, жергілікті атқарушы, азаматтық қорғау және басқа да органдардың өртке ден қою және алдын алу іс-шараларын іске асыруға дайындығын пысықтап, тиісті іс-шаралар жүргізуде.
Қала аумағында жалпы аумағы 12 980 га құрайтын егістік алқабы бар 60 шаруа қожалығы және жалпы көлемі 6 мың. 286 га құрайтын "Жасыл Белдеу", Түркістан облысына қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары бар. Қазіргі таңда орман және дала өрттерін алдын алу мақсатында жалпы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 53 шақырым, жергілікті автомобиль жолдарының бойларында 320,2 шақырым, орман қоры жерлерінде 300 шақырым және егістік алқаптарында 402,1 шақырым өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілді. Орман қорын қорғау мақсатында осы екі шаруашылықтың балансында, жалпы 22 бірлік бейімделген техника және 186 өрт сөндіру құралдары мен 14 бірлік мотопомпа бар.
Болуы мүмкін орман және дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында жалпы 42 ерікті өрт сөндіру топтары құрылып, құрамында 405 адам дайындыққа келтірілді және бейімделген қосалқы техникалары мен арнайы қол құралдарымен қамтамасыз етілген. ТЖ департаментінде 13 бірлік техника және 84 адам жеке құрамы дайындыққа келтірілді.
Қала аумағында жыл басынан бері 62 өрт тіркелді, материалдық шығын 124 млн 952 мың теңгені құрады. Өрттің салдарынан 8 адам қаза болған, жарақат алғандар жоқ. Өрттердің 79 пайызы тұрғын үй секторы мен 33% көлік өрттеріне тиесілі. Сонымен қатар, өрт қауіпті кезең басталғалы бері 412 жану жағдайлары орын алып, оның ішінде 125 құрғақ шөп және 77 қоқыс жанған.
Бас спикер Казгидрометпен ұсынылған болжамына сәйкес алдағы уақытта ауарайының +30 градустан аса көтерілетініне назар аударды. Осы ретте «101», «112» қызметіне құрғақ шөптің немесе қоқыстың жануы туралы күніне 20-30 қоңыраудың келіп түседі және құрғақ шөптің жануы жақын маңайда тұрған ғимараттарға өрт қауіпін төндіруі жоғары екенін нақтылады. Мысалы, ағымдағы жылы 30 мамырда жанған құрғақ шөптің салдары Жеке кәсіпкер Шариповқа қарасты қойма ғимаратына өтіп, 300 мың теңге көлемінде материалдық шығынға алып келді.
Осыған орай, 2023 жылғы өрт қауіпті маусымда Шымкент қаласы аумағында орман және дала өрттерінің туындау және оларды жою іс шаралар жоспарына сәйкес Шымкент қаласының әкімі аудан әкімдеріне тиісті тапсырмалар берді.
Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы