
Маусым айының келуімен Павлодар облысында "жазғы қар" немесе терек мамығы басталады, ол қалада ғана емес, ауылдарда да жол жиектерін жауып, өртке әкелуі мүмкін. Терек мамығы өте тез тұтанғыш және үлкен аумақтарды қамтып жоғары жылдамдықпен жанады.
Павлодар облысы бойынша ТЖ департаменті терек мамығын өртеуге тыйым салынғанын еске салады. Тіпті абайсызда тасталған темекі тұқылы немесе сіріңке өртке әкелуі мүмкін, өрт тұрғын үйлерге, қоршауларға, көліктерге, әртүрлі ағаш құрылымдарға оңай таралуы мүмкін.
Қызметкерлер тұрғындардың естеріне салады:
- Терек мамығын өзіңіз өртемеңіз және балалардың өртеуіне жол бермеңіз;
- Егер көшеде еркелікпен терек мамығын өртеп жатқан балаларды көрген болсаңыз бей-жай өтіп кетпеңіз!
- Балалардың сіріңке мен оттыққа қолжетімділігін шектеңіз;
- Өрттің алдын алу үшін, мысалы көлігіңіздің жанында мамық жиналған автотұрақты күнделікті тазалаған жөн;
- Аулаларда өрттің алдын алу үшін жиналған терек мамығына су төгіп, оны тұрғын үйлер мен құрылыстардан сыпырып тастау қажет.
Павлодар облысы ТЖД
Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы