Қостанай облысы ТЖД-да шомылу маусымында қауіпсіздік мәселелері бойынша брифинг өтті.
ТЖД Азаматтық қорғаныс басқарманың бастығы подполковник Ж. Асылбековтың айтуынша, ведомство облыстың су айдындарында қайғылы жағдайларға жол бермеу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде.
Өңірде шомылуға рұқсат етілген 25 орын анықталды, сондай-ақ Рудный, Жангелді, Денисов, Қамысты ауылдарында және Б.Майлин ауданында тағы 5 коммуналдық жағажай ашу жоспарлануда.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін облыс су айдындарында жағалау сызығын патрульдеу үшін 5 мобильді құтқару бекеті қойылды.
Шомылу кезеңінде ТЖ-ға ден қою үшін 72 құтқарушы, 8 бірлік автокөлік және құтқару техникасы, 15 бірлік жүзу бар сүңгуір жабдықтары мен құралдары тұрақты дайындықта тұр. Уәкілетті органдармен бірлесіп 2 274 рейд жүргізілді, оның барысында 46 жеке тұлға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Су айдындарының қауіпті учаскелерінде «Шомылуға тыйым салынады» деген 355 тыйым салу белгісі орнатылған. Үгіт-насихат өнімдерінің 4 мың данасы таратылды, 44 стенд орнатылды.
ТЖД Азаматтық қорғаныс басқарманың аға офицері подполковник Қ.Тәуекелов атап өткендей, жыл басынан бері облыс аумағында су айдындарында 5 жазатайым оқиға болды, оның 4-і шомылу маусымына дейін тіркелген.
Іс-шара соңында облыстық ведомство қызметкерлері тұрғындарға судағы қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін еске салды. Журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Қостанай облысының ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы