
2023 жылдың 6 маусымында Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары және дала өрттерінің алдын алу» тақырыбындағы брифинг өткізілді.
Спикер болып Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы азаматтық қорғау майоры Тимур Еркебаев, Жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Мейрамбек Доспенбетов, Қазалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Алтынбек Қалиев сөз сөйледі.
Спикер Тимур Еркебаев 2023 жылғы 20 наурыздан бастап республиканың оңтүстік аймақтарында өрт қауіпті маусымның басталу күні болып белгіленетінін атап өтті. Өрт қауіпті маусым басталғаннан бері облыс аумағында 85,9 га. құрайтын, 20 өрт оқиғасы тіркелді. Ағымдағы жылғы өрт қауіпті маусымның басталуына орай төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде облыстық комиссия отырысы өткізілді Қызылорда облысында өрт қауіпті кезеңде дала өрттерінің алдын алу және жою жұмыстарын ұйымдастыру бойынша 2023 жылға арналған іс-шаралар жоспары бекітілдіСонымен қатар теміржол мен автожол жағалауларында жалпы 6 867 шақырымға минаралды жолақтар жүргізу жоспарланған, оның 3 567 шақырымына минаралды жолақтар жүргізілді, қалғанына өрт қауіпті маусымы аяқталғанға дейін жүргізіледі.
М.Доспенбетов өз сөзінде су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы айтты. Мәселен, жыл басталғалы облыс аумағындағы су айдындарында 3 адам құтқарылды, 14 адам суға кетті. Су айдындарында адамдардың қаза болуының негізгі себептері қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзулары болып табылады. Өзен немесе каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеген (ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар) жерлеріне суға түсуі; спирттік ішімдік ішіпсуға түсуі; ересектердің бақылауынсыз балалардың су жағасына баруы, суға түсуі, жүзе білмегендігі; балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамауы.
Су айдындарында, демалатын орындарда 310 рейд, оқушыларға 29 интерактивтік сабақ, мектептің басшылары мен мұғалімдеріне 135 сабақ өткізілді. Қалаға қарасты 32 мектептің 4881 оқушысы мен 234 мұғаліміне «Су айдынындағы қауіпсіздік ережелері», «Суда зардап шеккен адамды құтқару және жағаға тасымалдау тәсілдері», «Зардап шегушіге алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету» жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ 3 рет ата-аналар жиналысы өткізілді. 63 қауіпті аймаққа 109 ескерту тақтайшасы мен 55 билборд орнатылды. 2023 жылдың 27 сәуірінде Жедел құтқару жасағының жүзу құралдары мен сүңгуірдің жабдықтарының дайындығына тексеру жүргізілді (69 құтқарушы, 19 автокөлік, 23 жүзу құралдары, 34 сүңгуірлік жарақтар дайындыққа келтірілді.
А. Қалиев атап өткендей, «2023 жылғы өрт қауіпті маусымда Қазалы ауданында орман-дала қорында 4 өрт оқиғасы орын алды. 4 кінәлі тұлғаға Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367-бабы 1-тармағы бойынша айыппұл салынды. Даланы өрттен қорғау мақсатында 1030 шақырым жердің ескі минералды жолақтары жаңартылып, 65 шақырым жерге жаңадан минералды жолақтар жүргізілді. Қарақұм орманшылық мекемесіне 2 бақылау мұнарасы орнатылды. 2023 жылғы өрт қауіпті кезеңде өрт оқиғаларын алдын алу мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желі арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізуде. Сонымен қатар 15 дөңгелек үстел, 49 рейд жүргізілді».
Қызылорда облысы ТЖД