Көкшетауда өрт сөндіруші-құтқарушылар арасындағы турнирден жеребе тарту өтті

Көкшетауда өрт сөндіруші-құтқарушылар арасындағы турнирден жеребе тарту өтті

Көкшетауда Ұлы Отан соғысының қатысушысы, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Балабас Александр Григорьевичтің туғанына 100 жыл толуына орай өрт құтқару спортынан Қазақстан Республикасының Кубогына VІ турнирінің төрешілер алқасы мен мандаттық комиссия отырысы өтті.

Ұлы Отан соғысының қатысушысы, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Балабас Александр Григорьевичтің туғанына 100 жыл толуына орай өрт құтқару спортынан Қазақстан Республикасының Кубогына VІ турнирі 2023 жылғы 05-09 маусым аралығында Ақмола облысында өтетін болады.

Ағымдағы жылғы 06 маусымда «Сарыарқа» ықшам ауданында орналасқан №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында төрешілер алқасының және мандаттық комиссияның отырысы өтті.

Отырыс барысында турнирдың бас төрешісі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Нұрлан Атығаев турнирге қатысушы құрама команда мүшелеріне алғыс сөзін айтып, жеңіс тіледі. Сондай-ақ «Қазақстан

өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дәурен Данаев жарыс туралы ережені қатысушы командалардың өкілдеріне түсіндірді.

Өз кезегінде аға судьялар снарядтардың дайындығы, сондай-ақ, командалардың өрт-техникалық құралдары дайындығы нәтижелері туралы баяндады.

Кейін, жеребе тастау жүргізілді, содан кейін толтырылған өтініштер мен декларациялар сәтті қабылданды.

Мандаттық комиссияның отырысына қалалар және облыстардың жаттықтырушылары қатысты – ерлер арасында 11 команда және әйелдер арасында 9 команда. Барлық қатысушылар саны – 218.

Бас төрешінің басшылығымен спорттық төрешілер алқасының отырысынан кейін жеребе тастау бойынша командалардың реттік нөмірлері анықталып, кесте жасалды.

 

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі