Қорғас өзеніндегі селді ұстайтын бөгетін салу жөніндегі қазақстан-қытай комитетінің 4-ші отырысы өтті

Қорғас өзеніндегі селді ұстайтын бөгетін салу жөніндегі қазақстан-қытай комитетінің 4-ші отырысы өтті

Қорғас өзенінің Достық қазақстан-қытай бірлескен су торабында Қытай тарапынан Қорғас өзеніндегі «Шүкірбұлақ (Алмалы)» бірлескен селді ұстайтын бөгетін салу жөніндегі қазақстан-қытай комитетінің 4-ші отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан тарапынан комитет төрағасы ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ басшысы Қ.А.Бекенов және қытай тарапынан ҚХР Шыңжаң өндірістік - құрылыс корпусы су шаруашылығы басқармасы бастығының комитет төрағасы Чжао Фуи төрағалық етті.

Үкіметаралық Келісімді орындау мақсатында Қорғас өзенінде «Шүкірбұлақ (Алмалы)» селін ұстайтын бөгеттің құрылысына маңызды мән бере отырып, екі тарап бір-біріне құрылыс барысы туралы хабардар етті. Екі тарап құрылысты сапалы ілгерілету үшін барынша күш салады.

Отырыс қорытындысы бойынша екі тараптың төрағалары Қорғас өзенінде "Шүкірбұлақ (Алмалы)" бірлескен селді ұстайтын бөгет салу жөніндегі қазақстан-қытай Комитетінің 4-ші отырысының хаттамасына екі тілде қол қойды.

 

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті