
Павлодар қаласының Усолка шағын ауданында Судоремзаводта тіркеме өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына 7 қызметкер мен 2 бірлік техника барды. Өрт сөндірушілер келген кезде 15 шаршы метр аумақта ішкі жабынының жанып жатқаны анықталды.№3 өрт сөндіру бөлімінің командирі Нұрбек Аухадиев оқиға орнынан газ баллонды алып шықты.Жас әке өз өмірін қатерге тігіп, 50 литрлік баллонның жарылуының алдын алды.
Өрт сағат 18.23-те оқшауланып, сағат 18.36-да сөндірілді.
Павлодар облысы ТЖД азаматтарға өрт қауіпсіздік қағидаларын сақтауға кеңес береді.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі