Құтқарушылар судағы қауіпсіздік бағытындағы профилактикалық іс-шараларды жүргізуде

Құтқарушылар судағы қауіпсіздік бағытындағы профилактикалық іс-шараларды жүргізуде

Атырау облысында ауа райының ыстық болуына байланысты облыс тұрғындары, әсіресе жасөспірімдер рұқсат етілмеген жерлерде суға түсіп, пирстардан секіріп, өмірлеріне қауіп төндіруде.

Өткен аптада  4 адам суға батып кетті.

Атырау облыс аумағында шомылуға тыйым салынған 70 қауіпті учаске анықталып отыр (Атырау қаласы – 17, Индер қаласы – 10, Махамбет ауданы – 19, Құрманғазы ауданы – 2, Жылыой ауданы – 7, Қызылқоға ауданы – 15), аталған жерлерде 238 тыйым салу белгісі және 9 ақпараттық стенд орнатылған.

Қазіргі уақытта адамдардың қазасын болдырмау мақсатында, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды қарқынды түрде жүргізілуде. Рейд барысында құтқарушылар тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, су айдындарында адамдардың қаза болу статистикасын жеткізіп, жадынамаларды таратуда.

Статистикаға сәйкес, судағы жазатайым оқиғалардың 95 пайызы мас күйінде шомылу, өз күштерін қайта бағалау салдарынан болады, балалар арасында бұл ата-аналардың еркелігі мен немқұрайлылығы. Қалған жағдайлар денсаулықтың күрт нашарлауы мен құрысуларға байланысты.

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары! «Батыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі Сіздерден  суға түсу маусымының ресми түрде ашылуын күтулеріңізді сұрайды.

Себебі, жағажайлардың асты әлі қоқыстардан (сынған әйнек, консерв банкілері, балық аулары болуы мүмкін) тазартылған жоқ,  суда буйлық шектеу белгілері де қойылған жоқ. Ресми жағажайда құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылған кезде ғана суға түсуге болады.

Бұл бағыттағы жұмыс Атырау облысының барлық аудандарында жүргізілуде.

 

 

Атырау облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы