Колледж оқушыларына шомылу маусымындағы қауіпсіздік туралы айтылды

Колледж оқушыларына шомылу маусымындағы қауіпсіздік туралы айтылды

Қостанайда облыстық білім басқармасының базасында шомылу маусымында қауіпсіз жүріс-тұрыс тақырыбында онлайн-конференция өтті.

Кездесуге колледж оқушыларына облыстық ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Жедел-құтқару жасағы» және «Аппаттар медицинасы орталығы» Қостанай облысы бойынша филиалының мамандары келді.

Құтқару қызметтерінің мамандары балаларға суға батып бара жатқан адамға қалай көмектесуге болатынын, суда зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді нақты көрсетті. Залда құтқару құралдарының демонстрациясы және олардың адамдарды құтқару кезінде дұрыс қолданылуы болды. Балалар мамандардың жұмысын қызығушылықпен тамашалады.

Департамент қызметкерлерінің міндеті жас ұрпаққа жазғы демалыс кезінде төтенше жағдайларды болдырмауға көмектесетін қауіпсіз мінез-құлық ережелерін қолжетімді түрде түсіндіру болды.

Онлайн режимде конференцияға Қостанай облысының 26 колледжінен 1 330 студент қатысты.

 

Қостанай облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы