Қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз

Қауіпсіздік ережелерін еске түсіреміз

Балалардың қатысуымен болатын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында және «Балаларды жалғыз қалдырмаңыз!» акциясы аясында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Рахат-Бадам» демалыс аймағында профилактикалық іс-шара өткізді.

Суда демалып жүрген ересектер мен жасөспірімдерге құтқарушылар су объектілерінде, көшеде және тұрмыста қауіпсіз жүріс-тұрыстың негізгі ережелерін еске салды. ТЖ қызметкерлерімен бірге демалыс аймағының қызметкерлері, ата-аналар мен балалар шұғыл қызметтердің шақыру нөмірлерін қайталады, судағы іс-қимыл алгоритмін еске түсірді, суға батқан жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету тәртібін нақтылады.

Қазір судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс тақырыбы ең өзекті болып табылады. Сондықтан балаларға демалу үшін тек арнайы жабдықталған жағажайларды таңдау керек екенін, судағы тыйым салынған белгілерден асып кетуге еместігі, тек ересектердің бақылауымен су қоймаларында жүзуге болатындығы туралы еске салынды. Ал ата-аналарға балаларды қараусыз қалдыруға жол бермеу туралы ескертіліп, «Дармен» мобильді қосымшасын орнату ұсынылды. Іс-шара соңында барлық демалушылар ТЖ департаментінен көрнекі-бейнелеу өнімін алды.

 

Шымкент қ. ТЖД қоғаммен байланыс  тобы