5 маусымда Ұлытау облысы әкімдігінде жаз мезгіліндегі қауіпсіздік туралы кеңес өтті.Ұлытау облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Л. Төлеуғалиева судағы төтенше жағдайдың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сөз сөйледі.
Қазіргі уақытта тек Кеңгір су қоймасында құтқару бөлімшелері тарапынан бақылау жүргізілуде. Бұл қызметтерде 2 бірлік техника, 7 жүзу құралы және 35 адам бар. Екі мобильді топ акваторияны күзетуге шығады.
Облыс аумағында 22 су айдыны бар. Шомылуға тыйым салынған 39 орын және шомылуға рұқсат етілген 7 орын анықталды.
Департамент қызметкерлері суда адам өлімінің алдын алуды және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні су айдындарында 1073 рейд жүргізді. Сонымен қатар, ересектердің сүйемелдеуінсіз су қоймасында болған кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыс жүргізілді.
Кеңес барысында судағы төтенше жағдайдың алдын алу бойынша бірқатар мәселелер, соның ішінде ауылдық жерлерде балаларға арналған модульдік-қаңқалы бассейндер сатып алу туралы айтылды.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі