Елордалық құтқарушылар суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Елордалық құтқарушылар суға батып бара жатқан  баланы құтқарды

Көптен күткен жазғы демалыс келіп, қатты ыстық күн сақталуда, мұндай кезеңде балалар бос уақыттарын судың жанында өткізеді, осылайша балалардың ересектердің қарауынсыз шомылу қаупі артады. Осындай жағдайлардың бірі өткен жексенбіде болды.

4 маусымда сағат 19:00-де Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушылары Константин Новокшанов пен Өмірбай Нұржан Есіл өзеніндегі «Akbulak Riviera» ТК аумағын патрульдеу барысында пирстен суға секірген баланы көрді. Оқиға орнына жедел келіп, үйлесімді және кәсіби іс-қимылдардың арқасында 2013 жылы туған бала судан аман-есен құтқарылып, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Бұл жағдайдың соңы, бақытымызға орай, сәтті аяқталды, бірақ бұл әрдайым бола бермеуі мүмкін.

Құрметті ата-аналар, қала тұрғындары мен қонақтары! Астана қаласының ТЖ департаменті сізді кезекті рет қырағы болуға, рұқсат етілмеген орындарда шомылмауға, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзбауға, мас күйінде шомылмауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, Көпірлер мен қайықтардан, пирстерден суға секірмеуге, қоршау белгілерінен ары жүзбеуге шақырады. Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз!

 

Астана қ. ТЖД баспасөз қызметі