Ақмола облысында 16 жасар жасөспірім суға батып кетті

Ақмола облысында 16 жасар жасөспірім суға батып кетті

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы ТЖ департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Асхат Акильжановтың қатысуымен «Шомылу маусымының басталуы туралы» тақырыбында брифинг өтті.

Брифинг барысында 2023 жылғы 1 маусымда сағат 17.30-да Целиноград ауданының аумағында қайғылы жағдай орын алғаны белгілі болды, онда бес адамнан тұратын бір топ адам Астана қаласынан Есіл өзеніне демалуға келген. Демалыс кезінде төрт қыз суға шомылмақ болып, қол ұстасып, суда айнала бастаған. Жағадан екі метр қашықтықта қыздардың төртеуі де суға бата бастайды.

Су қоймасының жағасында қыздарға көмекке асыққан үш куәгер болды. Олар үш қызды құтқарып үлгеріп, өкінішке орай, 2006 жылы туған бір қызды құтқара алмай қалған, өйткені қыз жағадан алыс жерде болған және де жүзе алмаған. Өзеннің бұл учаскесі шомылуға тыйым салынған орын болып табылады, сонымен қатар су айдыны күшті су асты ағынына, сондай-ақ түбінің тік рельефіне ие.

Ақмола облысының ТЖД судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады:

- егер сіз кішкентай балалармен бірге су қоймасында болсаңыз, оларды қараусыз қалдырмаңыз, балаларға ересектерсіз суға кіруге рұқсат бермеңіз;

- тыйым салынған жерлерде шомылуға болмайды;

- жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеңіз;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге болмайды;

- суға түспеңіз және қараңғы уақытта шомылмаңыз;

- суға алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде кірмеңіз.

 

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі