
2020 жылғы 21 сәуірде Орталық коммуникациялар қызметінде өңірлерде су тасқыны кезеңінің өтуі және қабылданып жатқан шаралар туралы брифинг өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин қатысты.
Юрий Ильин ақпарат бергендей, су тасқыны кезеңін қауіпсіз өткізу мақсатында өңірлерде мұзды қопсыту (236 жару жұмысы), арықтарды, арналарды (12 мың шақырым) және автомобиль мен темір жолдар астындағы су өткізу құрылыстарын (25,6 мың дана) тазалау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Қорғау бөгеттерін салу (53 шақырым) және жөндеу (114 шақырым); жағалауды бекіту (95 шақырым), түбін тереңдету (255 шақырым), су тасқыны қаупі бар өзендердің арналарын түзету (71 шақырым) және су бұру арналарын орнату (192 шақырым) бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Елді мекендерден 15 млн. астам текше метр қар шығарылды.
Су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізу және қажетті шараларды пысықтау мақсатында аэровизуалды және жерүсті тексерулер жүргізіледі.
Бұған дейін біз су тасқыны жағдайы төрт өңірде: Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында сақталатынын хабарлаған болатынбыз.
Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында су тасқыны жағдайы тұрақты.
Ақмола облысында жағдай тұрақтанды, су тасқынының шыңы өтті. Облыс аумағында су тасқыны қауырт режимде өтті. Іс жүзінде облыстың Нұра өзенінен басқа, барлық су тасқыны қаупі бар өзендерінде су деңгейі сыни деңгейден жоғарылағаны белгіленді.
Жедел әрекет ету және алдын алу іс-шараларын өткізу арқасында тұрғын үйлерді су басуына жол берілген жоқ.
Қазіргі уақытта Сілеті, Шағалалы, Қылшақты, Есіл, Колутон, Жабай өзендерінде және ағыстарында су деңгейінің төмендеуі жалғасуда. Азаматтық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарының қосымша топтары (2410 адам, 1058 бірлік техника, 60 жүзу) Целиноград, Атбасар, Аршалы және Астрахан аудандарына су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейту үшін жіберілді.
Солтүстік Қазақстан облысында Айыртау ауданы мен Ғ. Мүсірепов ауданының шағын өзендеріндегі су деңгейі төмендеді және су көлемі Сергеев су қоймасының тостағанына кірді, кейін су ағыс бойымен төмен қарай ағызылатын болады.
21 сәуірде сағат 10.00-дегі жағдай бойынша Сергеев су қоймасындағы бөгеттің жотасы арқылы құйылу 104 см құрайды.
Қазіргі уақытта Есіл өзені бойынша Сергеев су қоймасынан ағыс бойымен Түмен облысының шекарасына дейін су деңгейінің көтерілуіне мониторинг жүргізілуде. Бүгінгі күні өзен бойынша су деңгейінің көтерілу шыңы Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылының маңында тіркелді, су өзен жайылмасына шықты.
21 сәуірде сағат 10.00-дегі жағдай бойынша Петропавл су қоймасы 114,7% - ға толтырылған.
Бұл ретте, Петропавл су торабына жақын жерде «Челябинск – Новосибирск» республикалық маңызы бар автожолы учаскесінде (528-529 шақырым) және Заречный кентіндегі жергілікті маңызы бар автожол арқылы (ені 45 м, тереңдігі 10 см) екі рет су жүрді. Автокөлік үшін жол бар, ескерту жол белгілері қойылған.
Сонымен қатар, Есіл өзенінің жайылмасында қаланың шетінде орналасқан 2 300 (2311) саяжай учаскелерін (тұрғын емес) су басу байқалады, жыл сайынғы маусымдық сипатта. Ауыл шаруашылығы жануарларын (120 бас) алдын ала қауіпсіз жерге айдау жүзеге асырылды.
Жер біліктерін тұрғызу бойынша инженерлік жұмыстар жүргізілді (Тепличное а.-309м., Боголюбов а.-250м., Семиполатное а.-300м., Соколовка а.-25м.), сондай-ақ ауылдарда қолданыстағы қорғау үйінділерін нығайту жүргізілді (Тепличное а.-950м., Прибрежное а. - 1550м.). Заречный кентінің шеткі көшелерін қорғайтын жер үйіндісін өсіру бойынша (224 үй бар) жұмыс жалғасуда. Карантин режимін ескере отырып, халықты уақытша орналастыру пункттері дайындалды.
Есіл өзеніндегі су деңгейіне мониторинг және қажетті алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың қажетті күштері мен құралдары қосымша орналастырылды.
Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы тұрақты. Бүгінде Шүлбі су қоймасының негізгі бөлігін Үлбі және Оба өзендері құрайтын бүйірлік ағыс ағынын маусымдық реттеуді жүзеге асырады. Табиғат қорғау су жіберу кестесі бекітілді, оған сәйкес 19 сәуір мен 7 мамыр аралығында негізгі фазаның өтуі жүзеге асырылады, шығыны 3 500-2 000 м3/с. Шығын 3 500-ден 2 000 м3/с дейін төмендеді, кемелердің қайырға соғуын болдырмау және ерте өсетін балық түрлерінің уылдырық шашуын қамтамасыз ету үшін 3-4 тәулік ішінде 500-400м3/с сатылармен жүзеге асырады.
Үшінші фазада су жіберуден шығу (2000м3/с шығынынан жазғы шығын шамасына дейін) тәулігіне 250м3/с сатымен жүргізіледі.
Ағымдағы жылы су тасқыны жағдайы «2017-2020 жылдарға арналған су тасқыны қатерлерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі жол картасын іске асырудың арқасында тұрақты өтті, жол картасы 2020 жылы аяқталады. Жол картасын іске асыру су тасқыны жағдайына оң әсер етті – дайындық арқасында елді мекендер мен тұрғын үйлерді су басуға жол берілген жоқ. Жалпы жергілікті атқарушы органдар, ІІМ бөлімшелері және бірқатар басқа министрліктер жұмысының арқасында су тасқыны жағдайы өткен жылмен салыстырғанда барынша аз шығынмен өтті, елді мекендердің аумақтарын су басуына жол берілмеді, үлкен материалдық залал келтірілген жоқ.
Жол картасында жағалауды бекіту, түбін тереңдету, арналарды түзету, автожолдарда қорғау бөгеттерін және су өткізу құбырларын салу, су ағызу арналарын қалпына келтіру, құрылыстарды күрделі жөндеу және реконструкциялау, сондай-ақ басқа жұмыстар бойынша іс-шаралар көзделген.
Жалпы 4 жылда Жол картасы аясында республикада су тасқынына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша 417 іс-шара орындалды.
ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі