"Сұрақ-жауап" айдары

"Сұрақ-жауап" айдары

Сұрақ:

Өртке қарсы қызмет құрылыс салушылардың тұрғын үй құрылысында жанғыш материалдарды пайдалануын бақылай ма? мұндай материалдарды сараптау мүмкін бе? Тұрғын үй кешенін салу кезінде әрлеуде пенопласт қолданылады (құрылыс салушының айтуы бойынша пенополистерол)

 

Жауап:

Азаматтық қорғау органдарының құзыреті «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған.

Төтенше жағдайлар министрлігі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және одан әрі дамыту, өрттердің алдын алу мен сөндіруді ұйымдастыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Жоғарыда аталған Заңға сәйкес азаматтық қорғау органдары құрылыс саласында бақылау функцияларын жүзеге асырмайтынын, яғни жобалық құжаттаманы келісуге, салынып жатқан объектілердің өртке қарсы жай-күйін тексеруге және құрылысы аяқталған объектілерді қабылдауға қатыспайтынын атап өткен жөн.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңның 24-бабына сәйкес объектілер құрылысының сапасын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және қадағалау, «әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген осы объектілердегі сәулет-қала құрылысы тәртібін бұзушыларға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салу кезінде заңнама талаптарын бұзу мәселелері бойынша сіз тиісті жергілікті атқарушы органға жүгінуге құқығыңыз бар.