
Жаздың басы қостанайлықтарға көптеген қолайсыздықтар әкелетін теректердің гүлденуіне байланысты. Терек мамығының жиналуы үлкен өрт қаупін тудырады.
Терек мамығы жануының жиі болатын себебі – балалардың оны қызық көріп жағуы. Сіріңкені жақындатқан бойда ол лезде тұтанып кетеді, қызықты болғанымен өте қауіпті…
Бұл күндері «101» қоңыраулары әдеттегіден жиі түседі. Өрт сөндіру есептоптары шұғыл шақырулар бойынша оқиға орнына шығады. Биылғы жылдың маусым айының басынан бастап облыста мамық, қоқыс және шөптің жануына байланысты 169 шығу тіркелді.
Қазіргі уақытта департамент қызметкерлері жазғы кезеңде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізуде. Ол үшін олар 6 мыңнан астам адамды қамтитын 226 нұсқама, 116 дәріс, 342 әңгіме ұйымдастырды.
Олар балалар тауарларын сату орындарында: киімде, аяқ киімде, балалар керек-жарақтарында теректердің гүлдену кезеңінде өрт қауіпсіздігі шаралары туралы 3 мыңнан астам жадынама орналастырды.
Құтқарушылар ескертеді: сіз мамықтан тек бір жолмен ғана құтыла аласыз, мамық жиналған жерлерге су құйып, оны үйіп жинай аласыз, сонымен қатар балалардың отпен ойнауына жол бермеу үшін қадағалай аласыз.
Қостанай облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы