Қалыптасқан дәстүр бойынша Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешені маңында Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімінде еліміздің әскери жоғары оқу орындарының 4 түлегі Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің қолынан алғашқы офицерлік шенін алды.
Бақтияр Абдрахманов 2001 жылғы 31 мамырда Макинск қаласында туған. 2017 жылы 9 - сыныпты бітіріп, Қарағанды қаласының «Жас Ұлан» әскери мектебіне оқуға түсті. Оқуды бітіргеннен кейін Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсті. Бала кезінен әртүрлі жағдайларға тап болған адамдарға көмектесуге құштар. Сондықтан Бақтияр құтқарушы болуға бел буды. «Құтқару миссиясы – игі іс», - деп ол санайды. Спортпен, альпинизммен, спорттық көпсайыспен, жеңіл атлетикамен айналысады. Оның ең сүйікті хоббиі - Workout. Болашақта Бақтияр адал офицер болып, өз елінің халқына пайдалы болғысы келеді.
Ерсағын Өсер 2000 жылғы 13 шілдеде Жамбыл облысының Жуалы ауданында туған. 2015 жылы 9-сыныпты үздік бітіріп, Шымкент мамандандырылған колледжіне «Өрт сөндіруші» мамандығы бойынша оқуға түсті. Білім алудан басқа, ол қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы болды. Еркін күрестен спорт шебері. Колледжді қызыл дипломмен бітіргеннен кейін, Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанты болды. Жас офицердің мақсаты - азаматтық қорғау органдарын жетілдіру және қызмет ету. Жоғары оқу орынына түскеннен кейін ол өзінің спорттық мансабын жалғастырды. Академияда өрт сөндіру-құтқару спортымен айналысты және спорт шебері атағына қол жеткізді. «Мен мамандық таңдауда қателескен жоқпын. Ең бастысы - таңдалған мамандықты шын жүректен сүю, адал қызмет ету. Бұл жерде болу мен үшін үлкен мәртебе. Бүгін біз өмір атты жолға аттанамыз. Біздің міндетіміз - бұл қилы жолды үлкен мақтанышпен жүріп өту және офицердің абыройы мен шеніне ешқашан кір келтірмеу», — дейді жас лейтенант.
Асылбек Қапанов 2002 жылғы 3 сәуірде Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. 2008 жылы Қалмақан Әбдіқадыров атындағы №241 орта мектепті бітірген. Асылбектің мақсаты - өз кәсібінің білікті және білімді қызметкері, өз елінің болашағына қызмет ететін офицер болу. Оқу орнының белсенді курсанттарының бірі ретінде конференцияларға қатысып, диспуттар мен конкурстардың бірнеше дүркін жеңімпазы атанды. Оның сүйікті кәсібі – әдеби кітаптар оқу, өзін-өзі дамыту. «Менің міндетім — адамдарға қызмет ету, қол ұшын беру», - дейді жас офицер.
Әліби Молдахметов 2001 жылы Қостанай қаласында туған. Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсудің себебі еліміздің азаматтары үшін пайдалы болуға деген ұмтылыс болды. Бос уақытында Әліби спортпен, кітап оқумен айналысады. Жақын арада қадырлі офицер болғысы келеді, тәжірибе жинап, оны жас ұрпаққа үйреткісі келеді.
«Мен үшін министрдің қолынан алғашқы офицерлік шенді алу үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Отанды қорғау-әрбір азаматтың қасиетті борышы. Сондықтан, біз, жас офицерлер, халықтың үмітін ақтауға дайынбыз», - дейді Әліби.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтық қорғау лейтенанты Әліби Молдахметов ішкі қызмет полковнигі Н.А.Ақпаровтың атаулы стипендиясының иегері.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі