Қазақстан Республикасының Президенті Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының үздік түлектеріне шенді табыс етті

Қазақстан Республикасының Президенті Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының үздік түлектеріне шенді табыс етті

Қалыптасқан дәстүр бойынша Астана қаласындағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешені маңында Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімінде еліміздің әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектері Мемлекет басшысының қолынан алғашқы офицерлік шенін  алды.

Биыл Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 2 түлегі Ербағлан Полатов және Дихан Бакирамов осы құрметке ие болды. Олар ТЖМ аумақтық бөлімшелерінде қызметтерін жалғастыратын болады.

Жас офицер Ербағлан Полатов 2002 жылғы 8 наурызда Өзбекстан Республикасының Зарафшан қаласында туған. Оның балалық шағы Тараз қаласы, Сарыкемер ауылында өтті. Бос уақытын өзінің жеке және кәсіби дамуына арнайды. Спортқа көп уақыт бөледі. Армрестлинг, бокс, каратэ және ауыр атлетикамен айналысады.

«Мен шенді жоғарғы қолбасшының қолынан алғанымды мақтан тұтамын. Әрқашан Қазақстан халқына және Президентіме адал боламын. 4 жыл оқытқан азаматтық қорғау академиясының офицерлері мен оқытушыларына ризамын.  Біздің мамандығымыз — үлгі тұтарлық мамандық, құтқарушы болып қызмет атқару -  борыш», - деді лейтенант Ербағлан Полатов.

Дихан Бакирамов 2001 жылғы 8 қарашада Түркістан облысы Отырар ауданының Шаулдар ауылында туған. 2008 жылғы Отырар ауданы Шаулдар ауылының «Жамбыл мектеп лицейінің» 1-сыныбына қабылданды. Бұл мектепте ол 6-сыныпқа дейін оқыды, содан кейін Шымкенттегі «Дарын» мамандандырылған мектебіне ауысып, онда үш тілде білім алды. 2019 жылы оның балалық арманы орындалып, ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының курсанты атанды. «Менің тілегім - қиын уақытта адамдарға көмектесу, азаматтардың қауіпсіздігі үшін жұмыс істеу. Бүгін мен осы арманға жету жолындамын. Мен әрқашан Қазақстан халқына және Президентіме адал қызмет етемін», - дейді жас офицер.

Сонымен қатар Төтенше жағдай   лар министрі Юрий Ильин академияның 4 түлегі Бахтияр Абдрахмановқа, Өсер Ерсағынға, Асылбек Қапановқа, Әліби Молдахметовке  лейтенанттық шен табыс етті.

Азаматтық қорғау органдары кадр ұстасының үздік түлектері қызмет барысында азаматтық қорғау органдарын дамытуға үлес қосады.

Академияда оқыған жылдары тәрбиеленушілер оқу бағдарламасының теориялық курсын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар спорттың әр түрі бойынша академияның құрамында өнер көрсете білді, ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса білді, ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйледі.

Жоғары оқу орны 25 жыл ішінде 5000-нан астам маман дайындады, азаматтық қорғау органдарының көптеген қызметкерлері біліктілігін арттырудан өтті.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі