Ақпаров атындағы стипндияның екінші иегері – жас лейтенант Алиби Молдахметов

Ақпаров атындағы стипндияның екінші иегері – жас лейтенант Алиби Молдахметов

Биыл Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлектерінің бірі, жас лейтенант Алиби Молдахметов ішкі қызмет полковнигі Нұрпейіс Ақпарұлы Ақпаров атынан берілетін шәкіртақының екінші  иегері атанды.  2023 жылдың 2 маусымында 100 000 теңге көлеміндегі шәкіртақыны түлекке Академия түлектерінің шығарылымында полковниктің қызы Рәзия Ақпарова табыстады.  

Осы стипендияның демеушілері – ардагердің балалары мен немерелері екенін айта кеткен жөн. Бұл шәкіртақы жылына бір рет академияда оқуды аяқтағаннан кейін тағайындалады және күндізгі оқу бөлімі факультетінің оқу үлгерімі жақсы, оқу орнының ғылыми, қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысқан ең үздік түлегіне тағайындалады.

Нұрпейіс Ақпарұлы өртке қарсы қызметте 35 жылдан астам қызмет етті. Ол Щучье қаласының қалалық өрт сөндіру бөлімінің қатардағы өрт сөндірушісі, кейін бастығы лауазымынан Торғай облысы мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасының бастығына дейінгі лауазымда  қызмет өткерді. 

Сонымен қатар, өткен жылы академияның ғылыми кеңес мүшелері шешімімен өрттің алдын алу кафедрасының электр қондырғыларындағы кабинетіне ішкі қызмет полковнигі Н.А. Акпаровтың есімі берілді.

 

ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы

 Азаматтық қорғау академиясының 

баспасөз қызметі