
Аркен Әлімханов – қазақстандық құтқарушылардың қатарын толықтырған Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлегі. Ол 2001 жылдың 29 желтоқсанында Талдықорған қаласында дүниеге келді. Аркен бала кезден бастап офицер болуды армандаған. Ол өрт-құтқару спортымен 9-сыныпта оқып жүрген кезден, яғни 2017 жылдан бері айналысады. Бұған дейін кәсіби футболмен айналысқан. Сол кездің өзінде ол Азаматтық қорғау академиясына түсуді мақсат етіп қойған. Кәсіби өрт-құтқару спортымен әлі күнге дейін айналасады.
«Менің арманым орындалды деп ойлаймын. Бала кезден бастап курсанттардың шеруі туралы видеоларды көрдім. Олардың жауынгерлік киім-кешегі маған қатты ұнады. Мектепте 9-сыныпта оқып жүргенде ТЖ департаментінің офицерлері Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу бойынша үгіттеу жұмыстарын жүргізгені есімде. Осы жәйттердің барлығы менің соңғы шешіміме ықпал етті. Дегенмен, 4 жыл зулап өте шықты, бүгінде мен офицермін», - деп Аркен Әлімханов пікір бөлісті.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі