Бүгін, 2 маусым күні Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметіне қарасты №14 өрт сөндіру бөлімі салтанатты түрде ашылды.
Аталған шараға Атырау облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі НұрланЖаңабаев , азаматтық қорғау органдарының бірқатар ардагерлері мен Атырау облысының әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев және Департамент қызметкерлері қатысты.
Жаңа өрт сөндіру бөлімінің ашылуы төтенше жағдайларды жоюда Атырау облысының өрт сөндіру бөлімшелері қызметінің жеделділігін, тиімділігін арттырады. Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерінің негізгі міндеті ең алдымен аймақтың аумағында өрттен қорғау және сөндіру, сондай-ақ авариялық құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету болып табылады.
Қала өскен сайын, тұрғындардың да саны артуда. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды.
Жаңадан салынған №14 өрт сөндіру бөлімі облыс аумағындағы барлық ауқымды өрттер мен төтенше жағдайларға шығады. Атырау қаласының көптеген аумақтарын, оның ішінде батыс бөлігін (Жұлдыз, Ақсай, Талғайран, Қайыршақты округтерін) қауіпсіздіктен құтқару мақсатында қызмет атқаратын болады. Өрт сөндіру бөлімі заманауи құрал – жабдықтармен, техникалармен жабдықталған.
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою біздің басты міндетіміз. Сондықтан да әрқашан алдыңғы қатарда жүріп, қажет кезде әрдайым дайын болған абзал.
Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы