Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің түрлі бөлімшелерінде төрт және одан да көп баласы бар 50 көп балалы отбасының отағалары қызмет атқарады. Атаулы мереке қарсаңында Төтенше жағдайлар жөніндегі аумақтық органның қызметкерлері отбасы мүшелерін мерекемен құттықтады.
Жанабаев Асет – Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері. Жастығына қарамастан төрт бала тәрбиелеп отыр, ал Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Б.Омаровтың отбасында бес бала бар. Сондай-ақ, Павлодар қаласының төтенше жағдайлар Басқармасының бастығы Р. Валишанов те бес баланың әкесі атанып отыр.
Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары О.Трещев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Асқарова, кадр саясаты бөлімінің басшысы Р.Әлішев ата-аналар мен бүлдіршіндерді құттықтап, тәтті сыйлықтар табыстап, бүлдіршіндерге жылы лебіздерін білдірді.
Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі