Ақтөбе қаласында суға батып жатқан 15 жасар жасөспірім құтқарылды

Ақтөбе қаласында суға батып жатқан 15 жасар жасөспірім құтқарылды

1 маусым күні Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы,Заречный-1 аймағы, Елек өзеніне 15 жасар бала құтқарылғаны бойынша 112 құтқару  қызметіне хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері жіберілді.

Алдын ала ақпарат бойынша бір топ ересек балалар Елек өзені бойында ойнап жүрген, ішінде 15 жасар бала суға түсіп шыға алмай қалады.

16 жасар Баққұл Қолқанат Ерболатұлы өзеннің арғы бетінінен балалардың құтқарыңдар?, батып бара жатырмын деген даусын естіп, өзеннің арғы бетіне дереу жүзіп көмекке келеді.

Қолқанат өзінің шапшаңдығының арқасында өзенде есінен танып қалқып бара жатқан 15 жасар баланы жағаға алып шығып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, құтқарып қалады.

Қазіргі таңда зардап шегушінің жағдайы тұрақты, медицина қызметкерлеріне табысталды.

Ақтөбе облысы ТЖД адам өмірін құтқаруда ерлік танытқан Баққұл Қолқанат Ерболатұлына зор алғысын білдіреді.

Пресс-служба Актюбинской области