Балаларды қорғау күні

Балаларды қорғау күні

Халықаралық балаларды қорғау күні жыл сайын 1 маусымда атап өтіледі. Яғни, көптен күткен уақыт - жазғы демалыс басталады. Алайда, осы кезеңде ересектердің тиісті бақылауының болмауына байланысты балалар өздерімен өздері қалатын кезеңдер жиі ұшырасады.  Балалардың бос уақытын қайда және қалай өткізуде, олар кіммен жүр, немен айналысуда – бұл сұрақтар ата-аналардың үнемі назарында болуы керек.

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері халық көп жиналатын орындарда халықпен профилактикалық жұмыстар жүргізді. Профилактикалық жұмыстар барысында қала тұрғындарының демалыс орындарында өрт қауіпсіздігін сақтау туралы жаднамалар таратып, концерттік бағдарламаларға, викториналық сұрақтар мен байқауларға қатысты.

Жалпы, балалардың от қолданудағы абайсыздығының алдын алу, отты қолдана білу дағдыларына тәрбиелеу қажет. Жалпы, балалардың отпен ойнауына жол берілмеу керек. Үйде балаларды қараусыз қалдырмай, үнемі тұрғынүйде телефон аппаратының жанына жедел телефон нөмірлерін: өрт сөндіру қызметі және жедел жәрдем, полиция, газ қызметі секілді қызмет нөмірлерін жазып қою қажет. Сіріңкелерді, оттықтарды, темекілерді және өзге де тұтандырғыш заттарды балаларға қол жетімді орындарда қалдырмау қажет.

Төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі туралы балалармен жиі сөйлесіп, балаларға отпен және басқа да өрт қаупі бар заттармен ойнаудың соңы қауіп-қатерге әкеліп соғуы ықтимал екендігін атап өткен жөн.   Балалармен өрт қауіпсіздігі ережелерін міндетті түрде қайталап отыруды ұмытпау қажет: Ток ажыратқыштарды балалар пайдалана алмайды, ересектер оларға электр құрылғыларын қосуды немесе өшіруді үйреткені жөн. Электр құрылғыларына және дымқыл сымдарға жалаңаш қол тигізбеу қажет. Бұл өмірге үлкен қауіп төндіреді.

Балаларымызды қорғайық! Балалардың демалысын қауіпсіз ету - біздің, яғни ересектердің қолымызда!

 

 

Жамбыл облысы ТЖД Тараз қаласы ТЖБ