Құтқарушылар балаларға күлкі сыйлады

Құтқарушылар балаларға күлкі сыйлады

1 маусым - балаларды қорғау күні. Бұл күннің басты мақсаты әр баланың заңды құқықтарын қорғау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы еске салу болды.  Осы күнді мерекелеу аясында Риддер қаласының азаматтық қорғау қызметкерлері өрт сөндіру техникасын көрсете отырып,жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп,  «Тәуелсіздік» алаңында мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізді.

Құтқарушылар шыжыған ыстықта балаларға салқын өрт сөндіру фонтанын ұйымдастырды. Балалардың қуаныштан бал-бұл жанған көздері мен күлкісі – кез-келген сыйлақтан құнды.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі