1 маусым – балаларды қорғау күніне орай Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұсынысымен қалалық ТЖБ ұйымдастыруымен М. Өтемісұлы атындағы қазақ-драма театры басшылығының қолдауымен «Отпен ойнама» атты жаңа премьера кішкентай көрермендер назарына ұсынылды.
Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, мерекемен құттықтау мақсатында іс-шараға Атырау облысы «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесінің балалары, көп балалы отбасылардың балалары және департамент қызметкерлерінің балалары қатысты.
М. Өтемісұлы атындағы қазақ-драма театры қойылған спектакль балаларға бірден ұнады, өйткені мультфильмдердегі балалардың сүйікті кейіпкерлері ертегі тілімен балаларға оттың қауіпті екенін түсіндірілді. Балдырғандар жан-жағын отқа орап, тіршілікті жою үшін арам пиғылын жүзеге асырмақшы болған жағымсыз кейіпкерлер – От патшасы және оның нөкерлері және қоршаған ортаны, орманды қауіптен сақтайтын – Су ханшайымы арасындағы қақтығысты тамашалады.
Балалар аталған шығарма арқылы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ұғынып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтанды, өз өмірі үшін жауапты екенін түсінді. Қойылым балаларға тамаша әсер қалдырды.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұсынысымен сахналанған, адам өміріне өрттің зиянды, әрі қауіпті екенін білдіре отырып сіріңкені, тұрмыстық техникалық заттарды пайдалануды балаларға оттың тілсіз жау екенін ұқтырып, өрттен сақтану жолдарын үйрететін тәлімдік қойылым жас ұрпақтың санасына тәрбиелік ой салады деп сенеміз.
Спекталь аяқталған соң, театр ауласында балалар өрт сөндіру автокөліктерінің түрлерімен, судағы құрал-жабдықтармен, гидрокостюм түрлерімен танысып, құтқарушы иттер Гром мен Онайдың қабілеттерін тамашалады.
Балалар қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлерінің сыйлаған тәттілерінен дәм татып, көңілді күн алғыстарын білдірді.
Әр баланың қуанышын, шынайы күлкісін көрген департамент қызметкерлері балаларға бақытты балалық шақ тілеп, әрдайым қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы