
Бүгін ТЖМ Азаматтық қорғау академиясында курсанттардың оқу бітіруіне арналған іс-шара өтеді. Түлектердің бірі Дәулет Бисаков. Ол Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында 2002 жылғы 18 қыркүйекте дүниеге келген. Бала кезден офицер болып, форма киіп, погон тағуды армандап өскен. Ол 9-сыныпта оқыған кезде мектепке академия курсанттары келіп, агитациялық жұмыстар жүргізген болатын. Сол кезде ол өзінің балалық арманын орындайтын дәл осы оқу орны екеніне нақты көз жеткізген. Дәулеттің әскери мамандыққа қызыққаны бекер емес. Туған ағасы Қарағандыдағы полция академиясында оқыған. Сол кездегі 1-сынып оқушысы ағасының формаларын киіп көріп жүріп өскен. Дәулеттің жездесі де, әкесінің айналасындағы әскери қызметтегі жолдастары да бала Дәулеттің болашақ мамандығын таңдауға себепкер болса керек. Бүгінде сол арманына жетіп, азаматтық қорғау лейтенанты атанды.
Жас офицердің алға қойған мақсаты көп. «Ата-анамның үмітін ақтап, еліме абыройлы маман болсам», - деп Дәулет пікір білдірді.
ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы
Азаматтық қорғау академиясының
баспасөз қызметі