Тәжікстан Республикасының бірқатар мемлекеттік органдарының ақпараттық бөлімшелерінің басшылары тағылымдамадан өту және тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан ТЖ министрлігіне жұмыс сапармен келді
Ақпараттандыру мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, ҚР ТЖ министрі Юрий Ильин делегаттармен кездесті. Осылайша, Ю.Ильин Министрліктің қызметі, жаңа технологияларды пайдалана отырып, төтенше жағдайлардың алдын алуға, болжауға және мониторингілеуге байланысты міндеттердің орындалуы туралы айтып, түрлі төтенше жағдайларда құтқарушылардың жұмысына, оның ішінде Түркиядағы жер сілкінісінің салдарын жоюға баға берді. Сондай-ақ, Қазақстан мен Тәжікстанның құтқару ведомстволары арасында жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, баспасөз қызметінің жаңа трендтеріне қолдау білдірді.
Тәжікстан тарапын Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс комитетінің жұртшылықпен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы Умеда Юсуфи, Үкіметтің, ЖАО, Жоғарғы соттың, баспасөз қызметтерінің және Тәжікстан мемлекеттік органдарының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау, Сыртқы істер, Білім және ғылым және Ішкі істер министрліктері сияқты басқа да бөлімшелерінің қызметкерлері болды.
"Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасының Үкіметтері арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің арқасында белгілі бір жетістіктерге қол жеткізілді. Тәжірибе алмасу және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру бөлігінде тәжік құтқарушылары Алматы облысындағы "Жартасты қала-Астана" оқу-жаттығу полигонында тұрақты негізде өткізілетін "Қазспас" құтқару көпсайысы бойынша халықаралық жиын–семинарға қатысады", - деп министр Тәжікстаннан келген өкілдермен кездесу барысында Дағдарыс жағдайларында басқару орталығында атап өтті.
Сонымен қатар, делегация мүшелері ТЖМ Дағдарыс жағдайларда басқару орталығының жұмысымен танысты, онда Орталықтың басшысы азаматтық қорғау полковнигі Айбол Ақпаров шекара маңы елдері төтенше ведомстволарының кезекші қызметтерімен ақпарат алмасу және кезекші-диспетчерлік қызметтердің тәулік бойы жұмыс істеуі, әртүрлі ТЖ-ға ден қою мақсатында ғарыштық мониторинг деректерін жедел пайдалану туралы айтты.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі