Үйінді астынан адамдар құтқарылып, өрт дер кезінде сөндірілді

Үйінді астынан адамдар құтқарылып, өрт дер кезінде сөндірілді

Осындай тағықырыпта ағымдағы жылдың 30 мамырында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінің қызметкерлерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтті. Аталған оқу-жаттығуды өткізудегі негізгі мақсат – жер сілкінісі орын алған жағдайда шұғыл әрекетті пысықтау болып табылады.  Жер сілкінісінің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу Тараз қаласы, Тәуке хан көшесінің бойында орналасқан бос тұрған ғимаратта өткізілді. Аталған шараға ТЖ департаментінен 6 бірлік техника мен 27 адам, ал «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан 5 бірлік техника мен 38 адам жұмылдырылды.  Шақырту орнына алғаш жеткен Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мен кинологиялық қызметі үйінді астынан адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарын атқарса, өрт сөндіруші-құтқарушылар жер сілкінісінен электр сымдарының үзілуі салдарынан орын алған өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. сондай-ақ, Медициналық апаттар орталығының қызмектерлері де оқиға орнынан табылып, жараланғандарға алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетті.  Олардың соңынан   «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімінен әскери қызметшілер келіп, қираған ғимараттың қабырғаларын кранның көмегімен көтеру жұмыстарын атқарды. Олар да өз кезегінде жедел түрде жараланғандарды жатқызатын палаткалар қалашығын орналастырып, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті. Оқу-жаттығу соңында түрлі нұсқаулар тілге тиек етіліп, жалпы оқу-жаттығуға жақсы деген баға берілді.  

 

Жамбыл облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы