
30 мамырда Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен облыстық Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Жиын барысында газ шаруашылығы, автономды жылыту жүйесі, балалардың қауіпсіздігі мен болуы мүмкін жер сілкінісіне дайындық мәселелері талқыланды.
Қаралып жатқан мәселелер бойынша қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен ұйымдар басшылары тыңдалды.
Облыстың газ инфрақұрылымының жай-күйі, газ-техникалық (тұрғын үй) инспекциясының жұмысы туралы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов баяндады.
Комиссия төрағасы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды, көпқабатты тұрғын үйлерге тұрмыстық газ баллонын сату мен орнатудың алдын алу шараларын ұйымдастыруды тапсырды.
Білім беру нысандарындағы автономды жылыту жүйелерін сыртқа шығаруыға қатысты Білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев ақпарат берді.
Балалар қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Жыл басынан бері тұрмыстық өрттен төрт бала зардап шекті, бір бала қайтыс болды. Балалардың тентектігінен биылғы жылдың басынын 2 өрт орын алып, 1 бала қайтыс болды. Былтыр суға түсу маусымында 6 бала су айдындарына батып кеткен. Өрт пен су айдындарынан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлердің терезелері мен балкондарынан балалардың құлауы да бар. Соңғы 5 жылда балалардың құлауының 89 жағдайы тіркелді, оның 6-ы өліммен аяқталды. Тек биылғы жылдың басынан бері 11 факті тіркелді, оның ішінде 1-і өліммен аяқталды», - деп Ермағанбет Бөлекпаев көңіл көншітетін статистиканы келтірді.
Осы мәселе бойынша балалар мен ата-аналар арасында насихаттау және профилактикалық іс-шараларды барынша жандандыру тапсырылды.
Сейсмикалық қауіпті аймақтарда болуы мүмкін жер сілкінісіне дайындық туралы Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов баяндады.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес республиканың сейсмикалық қауіпті 8 аймағында жер сілкінісінің салдарын жою үшін Қарағанды облысынан күштер мен құралдардың айтарлықтай көлемі тартылды – бұл 320-дан астам құрама, 5 мыңнан астам адам және 1 мыңнан астам техника. Инженерлік құрылымдардың ең көп саны «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «ШұбаркөлКөмір» АҚ-дан бөлінеді. Күштер мен құралдарды тасымалдау жоспарын әзірлеу қажет», - деді Мұрат Қатпанов өз сөзінде.
Облысымыздан жіберілетін күштер мен құралдарға олардың ықтимал ұлғаюын ескере отырып, жақын арада түзетулер енгізу ұсынылды.
Ермағанбет Бөлекпаев жіберілген күштер мен құралдардың әзірлігін қамтамасыз етуді, оның ішінде олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Дайындықты тексеру нәтижесі қыркүйек айында өтетін «Жер-2023» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығулары болмақ.
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар
департаментінің баспасөз қызметі