ТЖМ қызметкерлері Командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысты

ТЖМ қызметкерлері Командалық-штабтық оқу-жаттығуға қатысты

29-30 мамыр аралығында Қорғаныс министрлігінде әскери басқару органдарымен "Қарулы Күштердің табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға қатысуы" тақырыбы бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.

Командалық-штабтық ойын және Қорғаныс министрлігімен өзара іс-қимыл шеңберінде Алматы, Ақтау, Аягөз, Семей, Қарағанды, Қонаев, Талдықорған, Өскемен, Үшарал, Тараз және Шымкент гарнизондарында ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің неғұрлым дайындалған қызметкерлерін тарта отырып, Қарулы Күштердің жеке құрамын жойқын жер сілкінісі кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларына оқыту бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізілді.

Әскери қызметшілер азаматтық қорғау желісі, төтенше жағдай аймағындағы іс-қимылдар және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жалпы танысу курсынан өтті, сондай-ақ іс жүзінде арнайы жабдықтар мен авариялық-құтқару құралдары, сондай-ақ оларды қолдану әдістері көрсетілді

Үйінділерде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, жойқын жер сілкінісі кезінде зардап шеккендерді блоктан шығару және тасымалдау, сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.

Қатысушылар осындай бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізудің маңыздылығын атап өтті, онда Қарулы Күштердің жеке құрамы авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша, оның ішінде жойқын жер сілкінісі кезінде арнайы жабдықтар мен авариялық-құтқару құралдарын қолдану бойынша үлкен тәжірибе алды.

Барлығы 293 әскери қызметші оқудан өтті.

Төтенше жағдайларды жою департаменті