Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы түлектері шығарылымының анонсы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы түлектері шығарылымының анонсы

2023   жылғы 2  маусымда  сағат  12:00-де  ҚР  ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының азаматтық қорғау органдары офицерлерінің кезекті шығарылымының салтанатты рәсімі өтеді.

Іс-шара  Төтенше жағдайлар  министрі генерал-лейтенант Ю.В.Ильиннің, Академия бастығы генерал-майор С.Д. Шәріпхановтың,  Ақмола облысының  әкімі Е.Б. Маржықпаевтың, Ақмола облысы азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің, күштік құрылымдар өкілдерінің, ата-аналардың  және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өтеді.

Сол күні түлектерге оқу орнын бітіргені туралы дипломдар табыс етіледі, сондай-ақ  Академияның  Жауынгерлік Туымен қоштасу көзделген.

Биыл Азаматтық қорғау академиясы  «Өрт қауіпсіздігі»  оқу бағдарламасы бойынша «Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс» бакалавры дәрежесін бере отырып 137  жас офицерді  дайындап шығарды.

Ресми рәсім офицерлердің қоштасу вальсімен аяқталады. Сонымен қатар, дәстүрлі түрде ең үздік 1 курсантқа ішкі қызмет полковнигі А.Н.Акпаров атынан  100 000 теңге көлемінде бір реттік атаулы шәкіртақы беріледі.

 

 

Аккредиттеу мәселелері жөнінде

Қазақстан Республикасы ТЖМ

Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметіне 

87785238445 телефоны бойынша хабарласыңыз