ТЖМ ардагерлері балаларды мерекемен құттықтады

ТЖМ ардагерлері балаларды мерекемен құттықтады

       1 маусым жыл сайын Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл күні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлердің балаларын, жетім балаларды, мүгедек балаларды, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, ата-аналары қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан балаларды шақыра отырып, түрлі іс-шаралар өткізеді.     

      «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінде 2023 жылғы 1 маусымға 65 бала тұратын 31 отбасы тіркелді, онда бір ата-ана қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты.

       «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Орталық ардагерлер Кеңесі Төралқасының шешімімен қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балаларына әр балаға 50 000 теңгеден қаржылай көмек көрсетілетін болады.

«Төтенше жағдайлар органдары ардагерлерінің

Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігі