Ақтөбе облысында Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Суға шомылу маусымы» тақырыбында брифинг өтті

Ақтөбе облысында Өңірлік коммуникациялар қызметінде  «Суға шомылу маусымы» тақырыбында брифинг өтті

Брифингке Ақтөбе облысы ТЖД Азаматтық қорғау басқармасының бастығы И.Байтұрсынов, АҚБ офицері Ж.Төлепбергенов және ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Жұмағалиев Нұрболат қатысты.

Азаматтық қорғау басқармасының бастығы И.Байтұрсынов өз кезеңінде суға шомылу маусымында атқарылып жатқан іс-шараларға тоқталды.

Облыс су айдындарында адам өлімінің алдын-алу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп онда суға шомылу кезеңінде азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар кешені қарастырылды.

Облыс аумағында суға түсуге тыйым салынған орындарға 203 тыйым салу белгісі орнатылды.

Қала және аудандар әкімдіктерінен, жеке жағажай иелерінен 71 орынды тексеруге өтінім келіп түсті. Соның ішінде қазіргі уақытта 63 орын тексерілді оның ішінде 64-іне рұқсат берілді. Жалпы ағымдағы жылға 66, оның ішінде 2 аквапарк жағажай жұмыс жасайды (Ақтөбе қаласы-19, 2 аквапарк, аудандарда-47), оның ішінде 22-і коммерциялық және 44-і коммуналдық.

Кейін Азаматтық қорғау басқармасының офицері Ж.Төлепбергенов ТЖД Жедел құтқару жасағының базасында 41 жасақшы- құтқарушы оқытылып, тиісті сертификаттар алғанын мәлімдеді.

Жыл сайын дене шынықтыру және спорт басқармасымен және Ақтөбе облысының білім басқармасымен бірлесіп балаларды дағдыландыру бойынша іріктеу жүргізіліп, суда жүзудің қарапайым әдістері үйретілуде, бүгінгі күні облыстың 20 стационарлық бассейнінде 1200 бала оқытылды.

Ақтөбе облысы ТЖД

 Қоғаммен байланыс тобы