Өрт сөндірушілер өрт кезінде 7 адамды құтқарды

Өрт сөндірушілер өрт кезінде 7 адамды құтқарды

Бүгін, 30 мамыр күні сағат 10:35-те Атырау қаласы Сырым Датов көшесінде орналасқан  6 қабатты үйлердің бірінің балконынан түтін шыққаны туралы шақырту түсті.

Шақырту орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер бесінші  қабаттағы пәтерде тұрмыстық заттардың жануын анықтады.

Департамент қызметкерлерінің күшімен 7 адам, оның ішінде 5 бала  автосаты арқылы 5-ші және 6-шы қабаттан құтқарылды және де дәліз баспалдағы арқылы құтқару қалпақтарын пайдалана отырып 44 адам, оның ішінде 15 баланы эвакуациялады.  

Өрт салдарынан 30 шаршы метр алаңда тұрмыстық заттар жанды.

Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде  30 минут ішінде адамдар құтқарылып, өрт жойылып, өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

Өрттің шығу себептері анықталуда, зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 12 қызметкері мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

Тұрғын үйлердегі, пәтердегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы