
Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Қатпанов Қарқаралы ауданындағы өрт сөндіру бекеттерінің, ерікті өрт сөндіру құрамаларының және орман өрт сөндіру бекеттерінің өрт қауіпті кезеңіне дайындығын бағалау мақсатында тексеру өткізді.
7 елді мекенінің ерікті өрт сөндіру құрамалары, 3 өрт сөндіру бекеті, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде орналасқан Қарқаралы, Кент, Бахты орманшылығының 3 орман өрт сөндіру бекеттері, сондай-ақ Кувское орман шаруашылығы тексерілді.
Өрттерді сөндіруге күштер мен құралдарды тарту жоспарына сәйкес ауданда 594 адамнан және 154 бірлік бейімделген техникадан тұратын 60 ерікті өрт сөндіру құрамалары бар. 2019 жылдан бері ауданда 5 өрт сөндіру бекеті ашылды. Сондай-ақ, 2020 жылдан бері ауданда 14 «Ермак» өрт сөндіру модулі сатып алынды.
2023 жылы Қарқаралы ауданының әкімдігі табиғи өрттерді жоюға қаражат бөлді, оған қосымша 5 «Ермак» мобильді кешенін және жанар-жағармай қорын сатып алу жоспарлануда.
Кувское орман шаруашылығының жабдықталуын атап өтуге болады, ағымдағы жылы өрт сөндіру үшін 3 квадроцикл, аспалы өрт сөндіргіштермен жабдықталған люлькасы бар 3 мотоцикл, соқа мен қопсытқышы бар 2 бірлік жаңа МТЗ тракторы, 1 тиегіш сатып алынды. Орман шаруашылығы сонымен қатар 25 аспалы орман өрт сөндіргіштерімен, 2 мотопомпамен, 2 бірлік өрт сөндіру қондырғысымен, 3 моторлы арамен жабдықталған. Тексеру барлық техника мен өрт жабдықтарының өнімділігін көрсетті. Орман шаруашылығы стационарлық, жылжымалы және портативті радиостанциялармен, сондай-ақ спутниктік навигациялық құрылғылармен жабдықталғаны атап өтілді. Сонымен қатар, биылғы жылы орман өрт сөндіру бекетін салу жоспарлануда.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Қарағанды орман шаруашылығына 2 мотоцикл, УАЗ базасындағы 2 бірлік көпфункционалды орман-өртке қарсы кешенін, 5 автокөлік (пикап), 2 бірлік ұшатын аппарат (дрон) сатып алды. Ақтоғай орман шаруашылығына 1 автоцистерна, 1 қарда жүретін машина, 2 аспалы қопсытқыш, 35 дана аспалы өрт сөндіргіштері, 4 мотопомпа, 2 соқа, 2 бірлік ұшу аппарат (дрон). Орман өрт сөндіру бекетін салу жоспарлануда.
Тексеру нәтижелері бойынша табиғи өрттерді жедел жою және сөндіру мақсатында ұсыныстар берілді, оның ішінде өрт сөндіру техникасын, байланыс құралдарын, өрт сөндіру құралдарын, арнайы киімдерді және т.б. қосымша жаңарту бойынша.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі