2023 жылғы 9 маусымда Петропавл қаласының Оқушылар сарайында (Жамбыл Жабаев көшесі, 55 А) Төтенше жағдайлар министрінің Солтүстік Қазақстан облысының халқымен кездесуі өтеді. Шарадан кейін азаматтарды қабылдайды.
Барлық өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е-otinish» ақпараттық жүйесін институционализациялауға байланысты министрдің халықпен кездесуіне өзі қатыса алмайтын азаматтар сұрақтарын «Е-otinish» жүйесі арқылы қоя алады. Өтініштерді тіркеу кезінде «Халықпен кездесу» тақырыбын көрсете отырып, аты-жөнін көрсету, сұрақ жазу және байланыс деректерін (ұялы телефон нөмірі) қалдыру қажет.
Ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша 8 715 2 55 10 96 телефонына хабарласыңыздар.